Мақсаттар мен KPI-ды басқару

Командаға айқын мақсаттар қою және олардың орындалуын қадағалау арқылы жұмыс тиімділігін арттырады

Бүкіл командаға арналған айқын мақсаттар
Мақсаттар пошта мен чаттарда шашырап кетсе, оларды жоғалтып алу оңай әрі орындалуын қадағалау қиынға соғады. HRBOX мақсаттар мен KPI-ді басқаруды бірыңғай жүйеге біріктіреді. Ыңғайлы құралдар арқылы бүкіл ұжымның тиімділігін оңай бақылаңыз.

Кез келген кезеңге тапсырмалар қойып, басымдықтарды белгілеңіз және прогресті нақты уақыт режимінде бақылаңыз. Қызметкерлерді дамытуға немесе сынақ мерзіміне арналған мақсаттар тағайындап, олардың нәтижелілік тарихын толық сақтаңыз. Ал автоматты есептер мен мерзім ескертулері сізді деректерді қолмен жинау рутинасынан босатады
Мақсаттар бойынша есептер
Қызметкерлер өз мақсаттары бойынша, басшылар өз командасы бойынша, ал әкімшілер бүкіл компания бойынша толық есеп ала алады
Басымдықтарға арналған салмақ пен рейтингтер
Мақсаттарға басымдық беру үшін олардың салмағын белгілеу және тапсырмалардың орындалуын рейтинг арқылы бағалау мүмкіндігі

Қызметкерлер мақсаттарының ағашы
Қызметкерлер мақсатын басшының мақсаттарымен байланыстыру және мақсаттар ағашын көрнекі түрде бейнелеу
Мақсаттарға арналған кезеңді таңдау
Нақты күн, ай, тоқсан, жартыжылдық немесе жылға арналған мақсаттар - кез келген кезеңді таңдауға болады

Мақсаттардың әртүрлі санаттары
Тапсырманың сипатына қарай мақсат түрін таңдау: сандық, орындалды / орындалмады санаты немесе пайыздық
Мақсат қою
Мақсаттарды жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға қарай қою, икемді келісу процесі және өзгерістер тарихын сақтау
HRBOX платформасында мақсаттарды басқару
Функционал мүмкіндіктері
Компанияңызда мақсаттар қай модель бойынша қойылмасын (жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға), HRBOX екі тәсілді де толық іске асырады.

Басшы мақсат қояды, ал қызметкер өз идеясын ұсынып, растауға жібереді. Мерзімдерді еске салатын хабарландырулар мен қарапайым процесс коммуникацияны жеңілдетіп, қызметкерлерді өз жұмысының нәтижесіне белсенді қатысуға ынталандырады
Мақсаттарды өзіңізге ыңғайлы етіп қойыңыз
Жеке қызметкер, бөлімше немесе тұтас компания бойынша мақсаттардың орындалу тарихын кез келген сәтте көруге болады. Мақсат салмағын ескеретін авто-есептелген орындалу пайызын немесе рейтингтік есептерді — ыңғайыңызға қарай таңдап көре аласыз
Мақсаттарға қол жеткізу нәтижелерін сақтау
Әр жерде шашырап жүрген мақсаттар мен құжаттарды пошта арқылы келісуді ұмытыңыз. HRBOX-та мақсаттарды бір жерге белгілеп, олардың орындалуын кез келген мерзімдегі түсінікті де ашық аналитика арқылы қадағалаңыз
Барлық мақсат бір жерде
KPI кезеңдерін белгілеп, қызметкерлер топтарына арналған үлгілік карталарды қалыптастырыңыз және келісуші тараптарды тағайындаңыз. Жүйе карталарды өзі автоматты түрде жасап, қатысушыларға хабарлама жібереді. Қызметкер жеке мақсаттарын қосады, басшы келіседі, ал әкімші орындалу процесін бақылайды. Ал кезең қорытындысы бойынша команда тиімділігін талдауға арналған жиынтық есептер дайын болады
KPI модулі: мақсат қою және келісу

HRBOX платформасының қосымша мүмкіндіктері

HRBOX артықшылықтары

  • IT-бөлімінсіз баптау
HR-бөлімінің күшімен және біздің қолдауымызбен әкімшілендіру және теңшеу
  • 1 ай ішінде іске қосу
Әкімшіге рұқсат беруден бастап платформаны барлығына қолжетімді қылып ашуға дейін
  • Толық брендинг
Корпоративтік порталдың сыртқы көрінісін компанияның брендбугіне бейімдеу
  • Жеке сүйемелдеу
Енгізу және пайдалану кезеңдерінде бөлінген менеджер және жедел техникалық қолдау
Қолжетімділікті баптау және бизнес қажеттілігіне сай құралдарды кезең-кезеңімен қосу
  • Платформаның барлық функцияларына қол жеткізу

Веб-нуска жене мобильді косымша

Командамен ынгайлы форматта байланысыныз

Қолымнан келер интерфейс

Компанияның фирмалық стилінде тегін брендтеу

Кызметкерлердін, телефондарына жедел хабарламалар жіберініз

Пин-код немесе FaceID арқылы қауіпсіз кіру

HR-Tech саласында

HRBOX бизнестің міндеттерін шешуге көмектеседі

7 жыл
Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан белсенді клиент
180 +
күн сайын платформаға
пайдаланушы кіреді
12 000

HRBOX платформасын IT, өнеркәсіп, бөлшек сауда және қаржы секторындағы компаниялар белсенді қолданады. Қазақстандағы клиенттердің қатарында Unico, Mebel.kz, Freedom Travel (Aviata) бар

Жаңа қызметкерлерді бейімдеу және корпоративтік порталды енгізу
Жаңа қызметкерлерге арналған мақсаттар мен онбординг модулі енгізілді
Қызметкерлерді оқыту
жүйесі

HR-платформаға
21 күнге тегін қолжетімділік алыңыз

HRBOX қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, IT маманының көмегінсіз бапталады, веб-нұсқаны және мобильді қосымшаны қолдайды