Геймификация және жұмысқа ынталандыру

Қызметкерлердің жұмысқа деген ықыласын арттырып, оларды компания үшін маңызды міндеттерді шешуге белсенді түрде тартады

Командаңыздың белсенділігі мен ықыласын арттырыңыз
HRBOX қызметкерлердің жұмысқа деген ықыласын күнделікті процестің ажырамас бөлігіне және корпоративтік мәдениетті нығайтудың тиімді құралына айналдырады. Компания құндылықтарына сай келетін кәсіби жетістіктер үшін арнайы бейдждер бекітіңіз. Сонымен қатар, ішкі валюта мен корпоративтік дүкенді іске қосып, қызметкерлерге жинаған ұпайларын нақты немесе символикалық сыйлықтарға айырбастау мүмкіндігін беріңіз.

Фотосайыстар мен онлайн дауыс беруді ұйымдастырыңыз — бұл қашықтан жұмыс істейтін командаларды да жақындастыра түседі. Ыңғайлы ашықхаттар сервисі әріптестерге бір-біріне шынайы ризашылық білдіруге, құттықтауға және қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, әркімнің үлесі елеусіз қалмайтын ынтымағы жарасқан орта құрылады

Аналитика
Ыңғайлы есептер жүйесі барлық белсенділік бойынша статистиканы оңай талдап, компанияңыздағы геймификацияның тиімділігін нақты бағалауға мүмкіндік береді
HRBOX ұсынатын жұмысқа ынталандыру құралдары
Жетістіктер
Компания құндылықтары мен маңызды бастамаларын дәріптейтін бейдждер (марапаттар мен жетістіктер) конструкторы
Қызметкерлерге арналған фотосайыстар
Әр түрлі тақырыптағы фотобайқаулар мен дауыс берулерді іске қосып, ішкі коммуникацияны күшейтіңіз және ұжымды бір мақсатқа жұмылдырыңыз

Корпоративтік дүкен
Ішкі дүкенді баптауға арналған қарапайым конструктор: әртүрлі тауарларды қосып, олардың бағасын корпоративтік валютада белгілеңіз
Ішкі валюта
Корпоративтік валютаны енгізу және оның айналым ережелерін бір жерде ыңғайлы баптау

Ашықхаттар қызметі
Әртүрлі корпоративтік оқиғаларға арналған ашықхаттар каталогын өз дизайныңызға сай ыңғайлы баптаңыз
Функционал мүмкіндіктері
Ішкі валютаңызға бірегей атау беріп, оның айналым мен айырбас ережелерін өзіңіз белгілеңіз. Сәтті таңдалған монета атауы қызметкерлердің қызығушылығын арттырып, корпоративтік мәдениетті нығайтудың айрықша құралына айналады. Сондықтан бұл бөлімді толығымен сіздің еркіңізге қалдырдық
Корпоративтік валюта құру
Қызметкерлерді жетістіктері мен компанияға қосқан үлесі үшін символикалық бейдждермен марапаттаңыз немесе оған корпоративтік валюта беруді қосыңыз. Марапаттарды жекелеген қызметкерлерге немесе тұтас топтарға қолмен тағайындаңыз, я болмаса белгілі бір шарт орындалғанда, мысалы, сынақ мерзімі сәтті өткенде автоматты түрде берілетіндей етіп баптаңыз
Жетістіктер мен бейдждер
Қарапайым конструктордың көмегімен ішкі дүкенге бірегей тауарлар мен ұсыныстар қосыңыз. Командаға тек брендтік мерч қана емес, оқу курстарының ақысын төлеуден бастап, басшылықпен бейресми кездесулерге дейін корпоративтік мәдениетті дамытатын құнды мүмкіндіктерді ұсыныңыз
Корпоративтік дүкендегі креатив

HRBOX платформасының қосымша мүмкіндіктері

HRBOX артықшылықтары

  • IT-бөлімінсіз баптау
HR-бөлімінің күшімен және біздің қолдауымызбен әкімшілендіру және теңшеу
  • 1 ай ішінде іске қосу
Әкімшіге рұқсат беруден бастап платформаны барлығына қолжетімді қылып ашуға дейін
  • Толық брендинг
Корпоративтік порталдың сыртқы көрінісін компанияның брендбугіне бейімдеу
  • Жеке сүйемелдеу
Енгізу және пайдалану кезеңдерінде бөлінген менеджер және жедел техникалық қолдау
Қолжетімділікті баптау және бизнес қажеттілігіне сай құралдарды кезең-кезеңімен қосу
  • Платформаның барлық функцияларына қол жеткізу

Веб-нуска жене мобильді косымша

Командамен ынгайлы форматта байланысыныз

Қолымнан келер интерфейс

Компанияның фирмалық стилінде тегін брендтеу

Кызметкерлердін, телефондарына жедел хабарламалар жіберініз

Пин-код немесе FaceID арқылы қауіпсіз кіру

HR-Tech саласында

HRBOX бизнестің міндеттерін шешуге көмектеседі

7 жыл
Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан белсенді клиент
180 +
күн сайын платформаға
пайдаланушы кіреді
12 000

HRBOX платформасын IT, өнеркәсіп, бөлшек сауда және қаржы секторындағы компаниялар белсенді қолданады. Қазақстандағы клиенттердің қатарында Unico, Mebel.kz, Freedom Travel (Aviata) бар

Жаңа қызметкерлерді бейімдеу және корпоративтік порталды енгізу
Жаңа қызметкерлерге арналған мақсаттар мен онбординг модулі енгізілді
Қызметкерлерді оқыту
жүйесі

HR-платформаға
21 күнге тегін қолжетімділік алыңыз

HRBOX қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, IT маманының көмегінсіз бапталады, веб-нұсқаны және мобильді қосымшаны қолдайды